Бейімбет Майлин ауданында шаңғы жарысынан облыстық жазғы чемпионат өтті
Бейімбет Майлин ауданында шаңғы жарысынан облыстық жазғы чемпионат өтті. Жарыс жолына өңірдің әр түкпірінен келген 120-дан астам спортшы шықты. Қатысушылар классикалық әдіспен сырғанап, 2,5 шақырымнан 20 шақырымға дейінгі қашықтықта бақ сынады.



