Жылдар жылжығанымен, жүрек қалауы мен өмірге деген құштарлық әрқашан жас күйде қала алады
Жылдар жылжығанымен, жүрек қалауы мен өмірге деген құштарлық әрқашан жас күйде қала алады. Лисаков қаласындағы «Душою молодые» сауықтыру тобының мүшелері бұл сөздің ақиқат екенін он бес жылға жуық дәлелдеп келеді. Олар үшін таңғы жаттығу, ширақ қимыл мен жақсы көңіл күй- уақытша әуестік емес, тұрақты өмір салты. Қарттықтың табалдырығын аттамай, қуат пен жігері жастардан кем түспейтін ардагерлердің өмірлік ұстанымы қандай?



