Қостанай қаласының әкімі мемлекеттік жерді өз бетінше басып алатын кәсіпкерлерге қатаң талап қойды
Қостанай қаласының әкімі мемлекеттік жерді өз бетінше басып алатын кәсіпкерлерге қатаң талап қойды. Рұқсатсыз аумақты пайдаланғандардың қатарында дүңгіршек пен ойын автоматтарының иелері тұр. Бақылау сыртқы жарнамаға да күшейеді. Құрылымын ретке келтірмеген кәсіпкерлер үшін жерді жалға алу мерзімі ұзартылмайды.



