Қостанай іргесіндегі Мичурин ауылында ауқымды экопарк ашылуға дайындалуда
Қостанай іргесіндегі Мичурин ауылында ауқымды экопарк ашылуға дайындалуда. Қырық жыл бойы қараусыз қалған орман алқабы қазір заманауи демалыс орнына айналып, құрылыс жұмыстары 90 пайызға аяқталды. Жаңа нысанның ашылуын асыға күткен өңір тұрғындары мен өңір басшысы демалыс күні бұл жерде үлкен сенбілік ұйымдастырып, аумақты тазартуға жұмыла кірісті. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған игі шара қалай өтті?



