7 қазан — Кәсіподақтар күні. Осыған орай Қостанай облысында салтанатты жиын өтті
7 қазан — Кәсіподақтар күні. Осыған орай Қостанай облысында салтанатты жиын өтті. Оған мемлекеттік орган өкілдері, әлеуметтік серіктестер, салалық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелері мен сала ардагерлері қатысты. Жиында өңірдегі кәсіподақ қозғалысының атқарған жұмысы қорытындыланып, үздіктер марапатталды.



