Жыл басынан облыстың теміржол вокзалдарында 260-тан астам құқық бұзушылық тіркелді
Жыл басынан облыстың теміржол вокзалдарында 260-тан астам құқық бұзушылық тіркелді. Оның басым бөлігі – теміржолды белгіленбеген жерлерден өту болып. Бұл жайында бүгін облыстық көлік прокуратурасының өкілдері мен жергілікті полиция қызметкерлері мәлімдеді. Қос құзырлы орган бірігіп бүгін пойыз жолаушыларына құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында пойыздарда ауқымды акция өткізді. Іс-шара барысында мамандар алыс сапарға шыққан азаматтарға ұрлық пен алаяқтықтан қалай қорғануға болатынын айтып, вокзалдардағы тыйым салынған әрекеттерді еске салды.





