Жыл басынан бері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімсіз болған Қостанай ұйымдарына жалпы 2,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды
Жыл басынан бері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімсіз болған Қостанай ұйымдарына жалпы 2,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Олардың ішінде бизнес нысандары да, мемлекеттік мекемелер де бар. Бұл тақырып кеше қала әкімінің аппараттық кеңесінде көтерілді. Мүмкіндігі шектеулі қостанайлықтардың пікірінше, жағдай жыл сайын жақсарып келеді. Алайда, алға жылжу жолдары әлі де бар.