Жолаушыларды заңсыз тасымалдаған 18 жүргузіші жауапқа тартылды
Жолаушыларды заңсыз тасымалдаған 18 жүргузіші жауапқа тартылды. Республика аумағында «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. 21–24 ақпан аралығында тәртіп сақшылары автобус, такси және өзге де жолаушылар тасымалдайтын көліктерге кең көлемді тексеріс жүргізеді. Нақтырақ айтсақ, көліктердің техникалық талаптарға сәйкестігі тексеріліп, жүргізушілердің сақтандыру полисі мен техникалық байқаудан өткені жайлы құжаттары сұралады. Шараның мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заңсыз жолаушылар тасымалының алдын алу.





