Желіде банк басшыларының бейнесін пайдаланып, жалған инвестициялық жобаларды жарнамалау жиілеген
Ішкі істер министрлігі «Deepfake» технологиясы арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа түрінен сақтануды ескертеді. Желіде банк басшыларының бейнесін пайдаланып, жалған инвестициялық жобаларды жарнамалау жиілеген. Ал Қостанайлық прокурорлар болса, адам денсаулығына ауыр зиян келтірген бұзақылардың жазасын қатаңдатты. Сондай-ақ, өңірдегі Меңдіқара ауданында бірнеше күнге созылған іздеу шаралары қайғылы аяқталды. 21 сәуірде жоғалған Боровской ауылының тұрғыны «Мормышка» көлінің маңынан өлі күйінде табылды.



