Жекеменшік тұрғын үй аумағындағы үйілген қарды кім шығару керек?
Жекеменшік тұрғын үй аумағындағы үйілген қарды кім шығару керек? Шағын көшелер неге тазартылмайды? Қала әкімдігінде өткен жиында шаһарды күтіп-ұстауға жауапты мердігерлердің жұмысы қатаң сынға алынды. Қала әкімі Марат Жүндібаев ұйым басшыларына бірқатар ескерту жасап, бекітілген ереже мен белгіленген уақыт кестесіне сай жұмыс істеуді тапсырды. Мердігерлердің жұмысына сондай-ақ қала тұрғындары да сын айтуда. Көпшілік қардың сапасыз тазартылатынын және үйілген қардың ұзақ уақыт бойы шығарылмайтынына шағым білдіріп отыр.



