Жеке тұлғалардың мобильді аударымдары тексеріледі
Жеке тұлғалардың мобильді аударымдары тексеріледі. Бұл іс келер жылдан басталады. Салық органдарының мәліметінше, банктер жиі ақша қабылдайтын адамдардың тізімін жасап, салық органдарына табыстайды. Үш ай үздіксіз жүз түрлі адамнан миллионнан аса аударым түссе бақылауға алынады. Мұндай жағдайда қандай шара қолданылатынын салық мамандары айтты.