Жаз мезгілінде су айдындары әлі де ерекше қауіп төндіріп отыр
Жаз мезгілінде су айдындары әлі де ерекше қауіп төндіріп отыр. Елімізде шомылу маусымы басталғалы бері 68 адам суға батып қайтыс болды, олардың 24-і балалар. Ал тағы 90 демалушыны құтқарушылар аман алып қала алды. Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін прокуратура, полиция және ТЖМ қызметкерлері су жағалауларында рейдерлік тексерістер жүргізуде. Мамандар тұрғындарды жабдықталмаған жерлерге шомылудың соңы қайғыға соқтыратынын айтып, ата-аналарға балаларды су жанында қараусыз қалдырмауды қатаң ескертеді.




