Жастар арасында синтетикалық есірткі түріне әуестік артып барады
Жастар арасында синтетикалық есірткі түріне әуестік артып барады. Тек өткен жылы облыс аумағында құзырлы орган өкілдері химиялық әдіспен жасалатын өнімнің 6 жарым келісін тәркілеген. Нарколог мамандардың айтуынша, синтетикалық есірткінің кең таралуына оның арзандығы мен қолжетімділігі себеп. Соның салдарынан қауіпті затқа көбіне 18 бен 25 жас аралығындағы жастар қызығушылық танытып отыр. Синтетиканың көбеюіне әлеуметтік желлілер мен түрлі ғимараттардағы есірткі жарнамалары да әсер етуде. Дегенмен, аталған дертпен күрес шаралары әзірге түбегейлі нәтиже беріп отырған жоқ. Синтетикалық есірткі адам ағзасына қаншалықты қауіпті? Дәстүрлі түрінен қандай ерекшелігі бар?



