«Жарық шағылысы»
«Жарық шағылысы». Дәл осындай атаумен Лисаков қаласының жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті музейінде жаңадан көрме ашылды. Онда қалалық балалар көркем сурет мектебінің директоры, суретші Светлана Карженкованың қолынан шыққан жеке туындылар ортаға қойылыды. Көрменің ашылу салтанатына Лисаков қаласының бірқатар белді азаматтары қатысты.