Жаңа жылдан бастап мобильді аударымдар бақылауға алынады
Жаңа жылдан бастап мобильді аударымдар бақылауға алынады. Жаңа талаптарға сәйкес, азаматтың банк картасына үш ай қатарынан 100-ден астам адамнан аударым түссе және олардың жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден асатын болса, бұл операциялар кәсіпкерлік табыс ретінде қарастырылады. Бұл өзгерістің басты мақсаты көлеңкелі кәсіпкерлікті азайту және заңсыз табыс тапқандарды әшкерелеп, салық төлеуге итермелеу.



