Жаңа жылда жаңа қоныс. Қостанай қаласында бүгін үй кезегінде тұрған 15 отбасыға жаңа баспана кілттері табысталды
Жаңа жылда жаңа қоныс. Қостанай қаласында бүгін үй кезегінде тұрған 15 отбасыға жаңа баспана кілттері табысталды. Көптен күткен пәтер иелері болып әлеуметтік осал топтағы жандар атанды. Айта кетейік, әкімдік биыл үй кезегінде тұрғандарға баспананы алғаш рет құрылысшылардан тікелей сатып алуды жөн көрген. Себебі бюджет есебінен тұрғын үй салып, оны мұқтаж жандарға тарату тиімсіз екен. Салтанатты кілт табыстау рәсіміне әріптесім қатынасып қайтты.