Жаңа ойын алаңы, тұрақ аймағы немесе тротуарлар
Жаңа ойын алаңы, тұрақ аймағы немесе тротуарлар. Бесінші жыл қатарынан қостанайлықтардың «Халық қатысатын бюджет»жобасы аясында қаланы абаттандыруға өз үлестерін қосуға мүмкіндігі бар. 2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін облыс орталығында азаматтардың осындай елуден астам ұсынысы мақұлданды.