Жаңа оқу жылының басталуына байланысты еліміздің түкпір-түкпірінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді
Жаңа оқу жылының басталуына байланысты еліміздің түкпір-түкпірінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Мәселен, Қостанай облысында полиция қызметкерлері барлық мектеп автобустарының техникалық жағдайын жіті тексеріп шықты. Сонымен қатар, білім беру ошақтары маңындағы жол инфрақұрылымының қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінуде. Атқарылып жатқан барлық жұмыстардың түпкі мақсаты- балалардың мектепке қауіпсіз барып, үйіне аман оралуын қамтамасыз ету.



