Жаңа оқу жылы қарсаңында облыс әкімінің орынбасары №23, №11 және №25 мектептерді аралап
Жаңа оқу жылы қарсаңында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов Қостанай қаласындағы №23, №11 және №25 мектептерді аралап, ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Өңірдегі білім ошақтарының жаңа маусымға дайындығын пысықтаған жауапты тұлға мердігерлердің жұмысын тексеріп, нысандардың сапасы мен белгіленген мерзімде аяқталуын қатаң бақылауға алды.




