Жүргізушілердің медициналық тексерісі төңірегіндегі дүрбелең
Жүргізушілердің медициналық тексерісі төңірегіндегі дүрбелең. Әлеуметтік желілерде 65 жастан асқан жүргізушілерге қатысты жаңа талаптар енгізілгені жөнінде ақпарат тарап жатыр. Алайда Ішкі істер министрлігі азаматтарды қауесетке сенбеуге шақырып, бұл санаттағы жүргізушілер үшін міндетті медициналық тексеру жаңа талап емес, бұрыннан қолданыстағы норма екенін түсіндірді. 25 тамыздан бастап қандай өзгерістер күшіне енеді және медициналық тексеруден нақты кімдер өтуге міндетті болады?




