06.01.2026 09:38
Қазақ Қазақ
USD 511.26
EUR 597.61
RUB 6.32
Жаңалықтар

Қыс ортасында баспанасыз қалған Жамбыл ауылының тұрғындары дабыл қағуда

  • 6 января, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 3

Қыс ортасында баспанасыз қалған Жамбыл ауылының тұрғындары дабыл қағуда. Қызыл жалыннан зардап шеккен 8 отбасы келеңсіз жайтқа өрт сөндірушілердің салғырттығы себеп болғанын айтады. Тұрғындардың сөзінше, төтеншеліктер алғаш шыққан жалынды толық сөндірмей кетіп қалған. Араға уақыт салып, сол ошақтан екі мәрте қайта өрт тұтанып, ақыры екі қабатты тұрғын үй түгелдей отқа оранған. Салдарынан бірнеше отбасы бір сәтте үй-күйінен, жиған-тергенінен айырылды. Қазір зардап шеккендердің бірі туыстарын үйін жағалап жүрсе, енді бірі уақытша жалдамалы баспанаға орналастырылған.