Қыркүйектің соңында Қостанайда жаңа саябақ ашылады
Қыркүйектің соңында Қостанайда жаңа саябақ ашылады. Демалыс орнында ақын, жазушы, көрнекті қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына орай ескерткіш бой көтереді. Оның тұғырымен қоса есептегенде биіктігі бес метрден асады. Қалалық коммуналдық ұйымның сөзінше, мұндағы жұмыстар тамыз айының жиырмасында басталған.