Әулиеуөл ауданында 1000 бас ірі қараға арналған алғашқы сүт-тауарлы ферма салына басталды
Әулиеуөл ауданында 1000 бас ірі қараға арналған алғашқы сүт-тауарлы ферма салына басталды. Осылайша, ауқымды жоба арқылы өңір басшылығы жергілікті тауар өндірісін арттырмақ. Нысан құрылысына биыл «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан 4,8 млрд теңге бөлінді. Қазір болашақ ферма аумағында, жерді тегістеу жұмыстары басталып кеткен. Бұдан бөлек, аудан орталығында қаңырап бос қалған көпқабатты үйлерді қайта қалыпқа келтіру жұмыстары жүзеге асырылуда. Атылмыш нысандарды және егін орау науқанын Әулиекөл ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Құмар Ақсақалов аралап шықты.