Әулиекөлде ағаш өңдеу зауыты іске қосылады
Әулиекөлде ағаш өңдеу зауыты іске қосылады. Инвестициялық жоба Аманқарағайда орын алған ірі орман өртінің салдарын жоюға көмектеседі. Сонымен қатар, ағаш өңдеу өндірісін арттыруға және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді. Жоспарға сәйкес, нысан осы жылдың қыркүйегінде іске қосылуы қажет. Жаңа зауытқа облыс әкімі Құмар Ақсақалов барды.



