Әуежай шағын ауданында салынып жатқан балабақша құрылысы 70 пайызға аяқталып
Әуежай шағын ауданында салынып жатқан жаңа балабақша құрылысы 70 пайызға аяқталып, жақын арада пайдалануға беріледі. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың сөзінше , бұл нысан 280-ге жуық бүлдіршіннің білім алуына мүмкіндік туғызады. Былтыр ашылған 7 балабақша нәтижесінде кезекте тұрған балалардың саны 40 пайызға азайған. Қазір кезекте небәрі 2700 бала тұр.