Тың идеяларын жүзеге асыруға жол ашатын «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты биыл да өз иелерін тапты
Елімізде жас таланттардың бастамаларын қолдап, тың идеяларын жүзеге асыруға жол ашатын «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты биыл да өз иелерін тапты. Ауқымды байқауда топ жарғандардың бірі – қазақ тіліндегі тұңғыш интерактивті мобильді қосымшаның авторы Рүстем Дарущканов. Мемлекеттік қолдаудың арқасында өмірге келген бұл бірегей жоба бүлдіршіндерді заманауи цифрлық форматта тәрбиелеуге қалай үлес қоспақ?




