Тозған жылыту құбырларын алдын ала анықтау жеңілдей түсті
Тозған жылыту құбырларын алдын ала анықтау жеңілдей түсті. Қостанай жылу электр компаниясы дефектоскоп құрылғысын сатып алған. Бұл аппарат ескі, жарамсыз құбырлардың ақауын, тот басқан аймағын анықтап, дәл көрсетеді. Осының арқасында жылдар бойы жер астында жатқан құбырлардың жағдайын қазу жұмыстарынсыз анықтауға болады.





