Торғай-Арқалық тас жолында екі көлік соқтығысып бірден 4 адам көз жұмды
Қостанай облысында жантүршіктірер жол-көлік оқиғасы орын алды. Торғай-Арқалық тас жолында екі көлік соқтығысып бірден 4 адам көз жұмды. Оның ішінде 2 кәмелет жасқа толмаған бала бар. Қазір адам өліміне әкелген жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері оқиғаның мән-жайы мен өңірдегі жолдардағы қауіпсіздік жағдайына тоқталды.