Тобыл төрінде – темірдей төзімділер мен ең жүйрік құтқарушылар бас қосты
Тобыл төрінде – темірдей төзімділер мен ең жүйрік құтқарушылар бас қосты. Қостанай облысында өрт-құтқару спортынан Төтенше жағдайлар министрлігінің Кубогы үшін IX республикалық турнир басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 15 өңірінен 22 команда қатысуда. Алаңда көрсетілген нәтижелер бойынша күзде Бакуде өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталады.




