Tobyl Open — 2025 — дзюдодан облыстық турнирі
Tobyl Opеn-2025. Демалыс күндері осындай атаумен Қостанай ауданында дзюдодан ашық облыстық турнир өтті. Жарысқа еліміздің он өңірі мен облыстың түкпір-түкпірінен жиналған 300-ге жас жуық спортшы қатысты. Жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы бәсекенің құрметті қонағы ел мақтанышы, Париж олимпиадасының жеңімпазы Елдос Сметов болды.



