Тобыл қаласында алғашқы жекеменшік емхана ашылды
Тобыл қаласында алғашқы жекеменшік емхана ашылды. Жаңа медициналық нысанда пульмонолог, ЛОР, офтальмолог, рентгенолог, гинеколог сынды мамандандырылған дәрігерлер қызмет атқарады. Емхана бір ауысымда 250 адамға қызмет көрсете алады екен. Әзірге қабылдаулар жеке негізде жүргізілуде, ал жақын арада міндетті медициналық сақтандыру аясында қызмет алу мүмкіндігі туады.