Өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстанда пәтер сату-сатып алу бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді
Өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстанда пәтер сату-сатып алу бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді. Мамандар мұны салық реформасымен, нақтырақ айтқанда, қосылған құн салығы мөлшерлемесінің өсуімен байланыстырады. Ал Қостанайда сатып алушылардың ең жоғары белсенділігі қараша айында байқалған. Жергілікті сарапшылардың айтуынша, тұрғындар баға қымбаттамай тұрғанда баспана сатып алып үлгеруге тырысқан. Сондай-ақ мамандар ақпан айынан бастап тұрғын үй бағасының өсуі мүмкін екенін болжайды.



