Өткен демалыс күндері Қостанайлықтар жаппай сенбілікке шықты
Өткен демалыс күндері Қостанайлықтар жаппай сенбілікке шықты. Жалпы қалалық тазалық шарасы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды. Ілкімді іске облыс әкім Құмар Ақсақалов, түрлі мекеме өкілдері мен ерікті жастар атсалысты. Олар «Триатлон паркі» мен Тобыл өзені жағалауын күл-қоқыстан тазартты.



