Өткен демалыс күндері белгілі журналист Анатолий Гавриловты еске алуға арналған дәстүрлі шаңғы жарысы өтті
Өткен демалыс күндері белгілі журналист Анатолий Гавриловты еске алуға арналған дәстүрлі шаңғы жарысы өтті. Жарыс жолына өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен құралған 7 команда қатысты. Тілшілер мен операторлар, дизайнерлер мен беттеушілер арнайы спорттық киімдерін киіп жарыс жолына шықты.





