Өткен аптаның өзінде Қостанай аумағында бірнеше ірі жол-көлік оқиғасы орын алды
Өткен аптаның өзінде Қостанай аумағында бірнеше ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Олардың бірі Б.Майлин ауданында тіркелді. Түн ортасында жүйткіген көлік, жол бойына шығып кеткен түйелерді қағып кеткен. Одан бөлек, қаланың қақ ортасында қоғамдық автобуспен жеңіл көлік соқтығысып қалды. Оқиғаның дені түн жарымында, кешкілік және бағдаршамдар жұмыс істемей тұрған уақытта орын алған.