Тегін секциялар мен үйірмелерге қатысу үшін 3000-нан астам бала кезекте тұр
Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, жан-жақты дамуына жағдай жасайтын мемлекеттік қолдау бүгінде спорт, білім беру және шығармашылық сынды үш бағыт бойынша жүзеге асырылып келеді. Оның ішінде тек шығармашылық бағыттың өзіне биыл облыс бюджетінен 1,3 миллиард теңге қарастырылған. Нәтижесінде 220-ға жуық үйірмеде 5 мыңнан астам бала шығармашылық үйірмелерін тегін меңгеріп жүр. Дегенмен, сұраныстың жоғары болуына байланысты қазірдің өзінде 3 мыңнан астам бала кезекте тұр.




