Тегін үйірмелерге 500-ге жуық бала кезекте тұр
Тегін үйірмелерге 500-ге жуық бала кезекте тұр. Қостанай облысында жан басына қаржыландыру жүйесімен қамтылмай қалып жатқан оқушылар қатары бар. Биыл балаларды шығармашлық үйірмелермен қамту үшін қазынадан 1,3 млрд теңге бөлінді. Дегенмен, орын жетіспеушлік мәселесі әлі күнге дейін өзекті. Жауаптылар, ақпан айында үйірмелерде тазарту жұмыстарын жүргізіп, студияларға бармай жүрген оқушыларды есептен шығаруды көздеп отыр. Осылайша, кезекте тұрғандар қатары азаймақ.