Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында одан әрі ауқымды жұмыстар атқарылады
Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында одан әрі ауқымды жұмыстар атқарылады. Қазақстан халқы ассамблеясы жастары осындай пікірде. Бүгін Достық үйінде этномәдени бірлестіктің жастары көршілес Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысының белсенділерімен онлайн кездесу өткізді. Жиында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесі талқыланып, биылғы жоспарлар жайы сөз болды.



