Танымал демалыс орындары сенбіліктен кейін ғана емес, әрбір демалушыдан соң да таза күйінде қалуы керек
Танымал демалыс орындары сенбіліктен кейін ғана емес, әрбір демалушыдан соң да таза күйінде қалуы керек. Осыны Лисаков тұрғындарына еске салуды волонтерлер мен «Жасыл ел» еңбек жасағының қатысушылары жөн көрген. Олар әдеттегі тазалық жұмыстарымен шектелмей, пайдалы істі командалық жарыспен біріктірген экологиялық квест ұйымдастырды.




