Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларға қатыса алады
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері 17 қарашада басталатын жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларға қатыса алады. Бұған себеп – биылдан бастап олар алғаш рет полицейлер мен әскери қызметшілер сияқты тұрғын үй көмегін алушылар қатарына енгізілді. Ең қызығы – банкке барудың қажеті жоқ, себебі несие беруші тікелей Төтенше жағдайлар министрлігі қалыптастырған тізім бойынша жұмыс істейді. Айта кетейік, бүгінде 600-ден астам құтқарушы алғашқы тұрғын үй төлемдерін алды.



