Сумен жабдықтау тарифтері өсуі мүмкін
Сумен жабдықтау тарифтері өсуі мүмкін. «Қостанай-су» кәсіпорнында қоғамдық тыңдаулар өтті. Коммуналдық мекеме 2026 жылға арналған тариф жобасын таныстырды. Қостанайдың су құбыры желілері тозу деңгейінің жоғары болуына байланысты «қызыл аймақта» тұр. Осыған орай, жалпы құны 10 млрд теңгеден асатын екі жобаны іске асыру жоспарлануда. Тарифтің өсуіне дәл осы жобаларды қаржыландыру қажеттілігі негізгі себеп болып отыр



