Су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Өңірлік төтенше жағдайлар қызметі қайғылы оқиғаларды алдын алу мақсатында өзен-көлдердегі мұздың қалыңдығын тексеріп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған шаралар бекер емес. Себебі балықшылар арасында жұқа мұзға шығып, суға бату деректері тіркелуде. Қауіпсіздік талаптары сақталмағандықтан, биыл бір, ал өткен жылы үш өңір тұрғыны балық аулау кезінде ажал құшқан. Мамандардың айтуынша, ауа райының суытуы мұздың толық әрі қауіпсіз қатуына кепілдік бермейді. Сондықтан қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, барынша сақ болған жөн.



