Студенттер заманауи технологияларды ұлттық құндылықтармен ұштастырып, тың жобаларды танытты
Қостанайлық студенттер заманауи технологияларды ұлттық құндылықтармен ұштастырып, тың жобаларды танытты. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университет шәкірттері қазақтың байырғы ойындарын цифрлы форматқа көшіріп қана қоймай, адам бара алмайтын қауіпті жерлерді барлап, қауіпсіздікті қамтитын арнайы роботты құрастырды.



