«Снайперлік рубеж» облыстық турнирі үшінші жыл қатарынан өтуде
Қостанайда жас мергендер додасы қыза түсті. «Снайперлік рубеж» облыстық турнирі үшінші жыл қатарынан өтуде. Биылғы бәсекеде жиырма команда — 168 қатысушы өз дағдыларын сынауда. Ал жеңімпаз қыздар күзде өтетін республикалық «Мерген ару» сайысында облыстың намысын қорғайды.





