Шорт-трек жаттықтырушысы Николай Федоренко алты миллион теңгеге жуық қаражатты иемденді
Бюджет қаражатын жымқыру салдарынан келтірілген залалды Қостанай облысының спорт басқармасына олимпиадалық шеберлік жоғары мектебінің қызметкері өтеді. Бастапқыда шорт-трек жаттықтырушысы Николай Федоренко алты миллион теңгеге жуық қаражатты иемденді және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды деп айыпталды. Бірақ, процесс барысында прокуратура айыптаулардың бір бөлігінен бас тартты және жәбірленуші тарап қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш білдірді. Соттың қандай шешім қабылдағаны жөнінде келесі сюжетте айтамыз.