26.09.2026 04:29
Қазақ Қазақ
USD 441.88
EUR 503.61
RUB 5.24
Жаңалықтар

Шілде айының екінші жексенбісі — елімізде Балық шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

  • 10 июля, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 7

Шілде айының екінші жексенбісі — елімізде Балық шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осы айтулы күн қарсаңында Қостанай облысында бұл саланың серпінді бағытқа айналғаны байқалады. Бар-жоғы бес жыл ішінде аймақтағы балық өсірумен айналысатын кәсіпкерлердің саны он еседен астам артқан. Бүгінде өңірде сирек кездесетін албырт, яғни форель балығын қолдан баптауды қолға алғандар да бар.