Шаһардың бас жоспарына түзетулер енгізіліп жатыр
Шаһардың бас жоспарына түзетулер енгізіліп жатыр. Сонымен қатар, қаладағы аумақтарды дамыту жұмыстары жалғасады. Биыл Қонай шағын ауданында 320 орындық балабақша құрылысын бастау жоспарланған. Ал Береке шағын ауданындағы «Жайлы мектептің» маңында жол салынады. Сондай-ақ, Юбилейный-2 шағын ауданында жаңа білім беру нысандарына арнайы жер телімі бөлінді.



