Сергек қондырғылары алынып тасталуы мүмкін
Сергек қондырғылары алынып тасталуы мүмкін. Қостанай қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында орнатылған интеллектуалды жүйелердің мүлдем іске қосылмай қалу қаупі бар. Себебі, келісімшартқа отырған тараптар бір-бірнің арыз-талаптарына келіспей, мәселені сотқа жолдаған. Енді барлығы алқа-билердің шешіміне байланысты болмақ. Егер жеке инвестор мен мемлекеттік органдар арсындағы келісімшартты бұзу туралы ұйғарым шықса, көше бойы орнатылған сергек қондырғылары алынып тасталады.