Сегіз миллион қазақстандық жалпыға бірдей мүлік және табыс декларациясынан босатылды
Сегіз миллион қазақстандық жалпыға бірдей мүлік және табыс декларациясынан босатылды. Бұл шешім кеше Үкімет отырысында қабылданды. Шешім жеке құрылымдардағы қызметкерлерге, зейнеткерлерге, үй шаруасындағы әйелдерге және студенттерге қатысты болды. Алайда кейбір ерекшеліктер бар, мысалы, егер адам 20 мың АЕК-дан асатын мүлік сатып алса, онда оған салықтық есептілік ұсыну қажет болады.