Сайлау учаскелерінде ерекше жандарға қолайлы жағдай жасалуы керек
Сайлау учаскелерінде ерекше жандарға қолайлы жағдай жасалуы керек. Тиісті тактильді белгілер, көтергіштер, кіруге арналған қоңыраулар мен пандустар орнатылу қажет. Бүгіннен бастап саяси науқанға учаскелердің дайындығы тексеріліп жатыр. Арнайы құрылған жұмыс тобы учаскелерді аралап мүгедектігі бар азаматтарға жасалған жағдайды тексеруде.




